Ақтөбе облысында «2025-2027 жылдарға арналған ТЖД инфрақұрылымын дамытудың Жол картасына» қол қойылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің Ақтөбе облысына сапары аясында маңызды құжат - «Ақтөбе облысы ТЖД инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы» бекітілді. Құжатқа облыс әкімі Асхат Шахаров пен ТЖ Министрі Шыңғыс Әрінов қол қойды. Жол картасы өрт сөндіру деполарын күрделі жөндеу, абаттандыру, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу, модульдік өрт сөндіру деполарын салу және материалдық-техникалық базаны нығайту сияқты 11 іс-шарадан тұрады. Асхат Шахаров атап өткендей, жол картасындағы іс-шараларды іске асыру азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және төтенше жағдайларға жедел ден қою мен Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы маңызды құжаттың орындалуы төтенше жағдайлар саласын дамытып қана қоймай, өңір тұрғындарының қауіпсіздігін арттыратын болады. Еске сала кетейік, Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбеде Есет батыр шағын ауданында жаңа мамандандырылған өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді. Өрт сөндіру бөлімінің ашылу салтанатында облыс әкімі мен ТЖ министрі құтқарушыларға 16 бірлік арнайы техниканың кілтін табыстады. Сонымен қатар, 26 өрт сөндіруші мен құтқарушыға қызметтік пәтерлердің кілті берілді.
В Актюбинской области подписана «Дорожная карта развития инфраструктуры ДЧС на 2025–2027 годы» В рамках визита Министра по чрезвычайным ситуациям РК в Актюбинскую область состоялось подписание важного документа - «Дорожной карты развития инфраструктуры ДЧС Актюбинской области на 2025–2027 годы». Документ был подписан акимом области Асхатом Шахаровым и Министром по ЧС Чингисом Ариновым. Дорожная карта включает 11 ключевых мероприятий, направленных на совершенствование инфраструктуры и улучшение условий работы сотрудников органов гражданской защиты. Среди них капитальный ремонт и благоустройство пожарных частей, строительство модульных пожарных депо, решение социальных и бытовых вопросов сотрудников, укрепление материально-технической базы подразделений. Как отметил Асхат Шахаров, реализация мероприятий дорожной карты позволит улучшить социально-бытовые условия сотрудников службы, укрепить материально-техническую базу экстренных подразделений, повысить боеготовность и оперативность реагирования на чрезвычайные ситуации и обеспечить более высокий уровень безопасности для жителей региона. Подписание Дорожной карты подчеркивает важность дальнейшего развития сферы чрезвычайных ситуаций в регионе и становится очередным шагом на пути к созданию безопасной среды для граждан. Напомним, накануне Дня Независимости в Актобе открылось новое пожарное депо в микрорайоне Есет батыр. На открытии пожарной части аким области и министр по ЧС передали спасателям ключи от 16 единиц спецтехники. Кроме того, 26 пожарным и спасателям вручили ключи от служебных квартир.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi