Ко Дню Независимости в селе Иргиз Иргизского района вручили ключи от квартир счастливым новоселам

18 ырғыздық отбасы баспаналы болды Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында пәтер кілтін табыстау рәсімі Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өтті. Әрқайсысы 8 пәтерлі 2 қабатты үш бірдей тұрғын үйде халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар, мүгедектігі бар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтар қоныстанады. Бірнеше пәтер әлі де бос. Ол үйлерге Ырғызға көшіп барған дәрігерлер орналаспақ.  Еске салайық, 2023 жылы облыс әкімі Асхат Шахаров Ырғыз ауданына жасаған сапарында аталған құрылыс нысанына барып, мердігерлерге жұмысты уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырған еді. Жаңа тұрғын үйлердің кілтін тапсыру рәсіміне ауыл тұрғындары, еңбек ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қатысты.  Шарада аудан әкімінің орынбасары Серік Қонақбаев және еңбек ардагері, Ырғыз ауданының құрметті азаматы Қуанышбай Кенжебаев, қуаныш иелерінің атынан ауыл тұрғыны Мөлдір Тасекенова сөз сөйлеп, көпшілікті құттықтады.  Бұдан соң, ардагерлер жаңа баспана иелеріне кілт табыстады. Ауылдың қадірменді ақсақалы Сейітқұл Махаев бата берді, әжелер шашу шашты.

18 семей в Иргизе обеспечили жильем Ко Дню Независимости в селе Иргиз Иргизского района вручили ключи от квартир счастливым новоселам. В трех новых двухэтажных жилых домах по 8 квартир в каждом. Там будут проживать люди, относящиеся к социально незащищенным слоям населения, лица с инвалидностью и оставшиеся без попечения родителей. Несколько квартир пока пустуют. Эти квартиры предназначены врачам, переехавшим в Иргиз.  Напомним, в 2023 году аким области Асхат Шахаров в ходе поездки в Иргизский район посетил строящийся жилой объект и поручил подрядчикам завершить работы в срок и качественно. В церемонии вручения ключей от новых домов приняли участие жители села, ветераны труда, депутаты районного маслихата, руководители учреждений.  Новоселов поздравили заместитель акима района Серик Конакбаев, ветеран труда, почетный гражданин Иргизского района Куанышбай Кенжебаев и жительница села Молдир Тасекенова.  Затем ветераны вручили ключи новым владельцам жилья. Старейшина села Сейткул Махаев дал бата, а женщины с наилучшими пожеланиями разбросали традиционное шашу.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 133
Категория: 
�����