Қарғалы ауданында балалар өнер мектебі ашылды Тәуелсіздік күні мерекесінде Қарғалы ауданының Бадамша ауылында балалар өнер мектебінің ашылуы өтті. Екіқабатты ғимарат 150 орынға лайықталған. Мұнда қосымша білім берудің 5 түрлі бағыты бойынша 550-ге жуық бала тәрбиеленеді. Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлыбек Өнербаев пен Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан қатысты.
«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зерттеуінше, балалардың шығармашылық үйірмелерге қатысуы оларды көркем өнерге үйреніп қана қоймай, когнитивті дағдыларын қалыптастырып, оқуға ынтасын оятады, сонымен бірге өз-өздеріне сенімділігін арттырады. Өнер мектебінің ашылуы балалардың жан-жақты дамуына зор мүмкіндік береді, бұл, әсіресе, ауылдық жерде тұратын балалар үшін өте маңызды»,- деді құттықтау сөзінде Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан. Мектептің жас өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, қонақтарға жаңа ғимараттың мүмкіндіктерін таныстырды. Бұл өнер мектебі жас буынның шығармашылық әлеуетін дамытуға зор үлес қосып, болашақ өнер жұлдыздарының қалыптасуына мүмкіндік береді. Айтып өтейік, іргетасы төрт жыл бұрын қаланған Бадамша өнер мектебінің құрылысы былтыр қайта жанданды. Нысан облыс басшысының қатаң қадағалауында болды.
В Каргалинском районе открылась детская школа искусств В селе Бадамша Каргалинского района ко Дню Независимости открылась детская школа искусств. Двухэтажное здание рассчитано на 150 мест. Здесь обучается около 550 детей по пяти разным направлениям дополнительного образования. В церемонии открытия школы приняли участие аким района Нурлыбек Унербаев и руководитель управления образования Актюбинской области Жайык Султан.
«Согласно исследованию Организации экономического сотрудничества и развития, участие детей в творческих кружках не только помогает им изучать искусство, но и развивает познавательные навыки, мотивацию к обучению, а также повышает уверенность в себе. Открытие художественной школы дает прекрасную возможность для всестороннего развития детей, что особенно важно для детей, проживающих в сельской местности»,- отметил в поздравительной речи руководитель управления образования Жайык Султан. Юные артисты школы искусств представили подготовленную концертную программу и познакомили гостей с возможностями нового здания. Эта художественная школа вносит большой вклад в развитие творческого потенциала молодого поколения и дает возможность формированию будущих звезд искусства. Напомним, в прошлом году возобновилось строительство Бадамшинской школы искусств, фундамент которого был заложен четыре года назад. Работы велись под строгим контролем главы региона.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi