В Актобе право зажечь главную ёлку было предоставлено труженикам города

Ақтөбеде бас шыршаның шамдарын жағу құрметі еңбек адамдарына берілді
Бүгін Ақтөбеде бас шыршаның шамдары жағылды. Әбілқайыр хан даңғылы бойында өткен “Ғажайып жаңа жыл” театрландырылған қойылымына ақтөбеліктер мен қала қонақтары жиналды.
Биыл биіктігі 30 метрлік бас шырша шамдарын жағу құрметі еңбек адамдарына берілді. Оның бірі - 20 жылдан астам уақыт Ақтөбенің көшелерін тазалап жүрген жұмысшы Тілеубек Өнгенбай. Ол жақында өз саласы бойынша “Жыл үздігі” атағына ие болды. Ал Мұрат Нұрперзентов Ақтөбе арқалық зауытында кран машинисі болып жұмыс істейді. Ол биыл Еңбек күнінде үздік жұмысшы ретінде қала әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Шырша шамдарын жағуға озат оқушылар да қатысты. Оқу үздігі Замира Қожаберлина - 1-ші разрядиы шахматшы, республикалық шахмат турнирінің жүлдегері.
Ал екінші оқушы Ерсұлтан Мамаев - «Ресей мен Қазақстан жас зерттеушілерінің Халықаралық тәжірибе алмасуы» ғылыми тәжірибелік конференциясының І орын иегері.
Шырша шамдарын жағу салтанатынан кейін ертегілер кейіпкерлері, Жаңа жылдың иесі - жылан, Аяз ата мен Ақшақар сахнаға шығып, балаларға ғажайып көңіл-күй сыйлады. Аязды күн райына қарамастан, тұрғындар бір сағатқа созылған мерекелік бағдарламаны соңына дейін тамашалады.

В Актобе право зажечь главную ёлку было предоставлено труженикам города
Сегодня в Актобе зажглись огни главной ёлки. На проспекте Абилхайыр хана состоялось театрализованное представление «Волшебный Новый год», собравшее актюбинцев и гостей города.
В этом году честь зажечь главную 30ти метровую ёлку была предоставлена труженикам нашего города. Одним из них стал Тилеубек Онгенбай, более 20ти лет работающий уборщиком на улицах Актобе. Недавно он получил звание «Лучший работник года». Мурат Нурперзентов работает крановщиком на Актюбинском рельсобалочном заводе. В этом году в честь празднования «День труда»он был награжден благодарственным письмом от акима города.
К зажжению ёлки также были привлечены отличники учебы. Замира Кожаберлина – шахматистка первого разряда, призёр республиканских шахматных турниров. Другой ученик, Ерсултан Мамаев, занял первое место на международной научно-практической конференции «Обмен опытом молодых исследователей России и Казахстана».
После церемонии зажжения главной ёлки на сцену вышли сказочные персонажи: символ Нового года – Змея, Дед Мороз и Снегурочка, подарив детям красивое представление и волшебное настроение. Несмотря на морозную погоду, жители с удовольствием смотрели праздничную программу, длившуюся около часа.

Источник.https://www.instagram.com/aqtobe_akimat/reel/DD7UdWAgDkb/

Просмотров: 118
Категория: 
�����