В Алгинском районе 23 семьи получили жилье

Алға ауданында 23 отбасы үйлі болды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген көлемді сұхбатында 2025 жылы мемлекет тұрғын үй құрылысын дамытуды жалғастыратынын, 2029 жылға дейін республика бойынша кезекте тұрғандарға жыл сайын баспана берілетінін атап өткен болатын.  Алға ауданында Президент тапсырмалары сәтті жүзеге асуда. Жаңа 2025 жылда баспана кезегінде тұрған 23 отбасы үйлі болды. Оның 19-ы- Алға қаласынан, қалғаны - Маржанбұлақ ауылынан берілді.  Аудан басшысы Асланбек Шүйіншәлиев жаңа баспана иелеріне кілттерді салтанатты жағдайда табыстап, қуаныштарымен құттықтады.

«Баршаңызды осындай көптен күткен қуанышты күнмен құттықтаймын. Әрбір шаңыраққа бақ-береке тілеймін. Айтып өтерім, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асырудың арқасында біз алдымызда тұрған барлық міндеттерді орындап келеміз. Алға ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін тұрғындардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, оларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, аудандағы тұрғын үй кезегіне тіркелген көпбалалы, толық емес отбасылар, мүгедек жандар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарды баспаналы ету мәселесі көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізумен қатар, көппәтерлі үйлерді күрделі жөндеуден өткізіп, ел игілігіне берумен шешіліп келеді», - деді аудан әкімі өз сөзінде.

 Алға қаласының Есет батыр көшесінде орналасқан №22 үй республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен реконструкциядан өткізілді. Ол жұмыстарды ЖК «Н.Мұратбаев» аяқтап бітірді. Ал Маржанбұлақ ауылындағы төрт үйді аудан әкімшілігі сатып алып беру тетігімен іске асырды. Айтып өтейік, ауданда баспана кезегінде 1641 адам тұр. Соңғы рет, 2023 жылы 60 пәтерлі жаңадан салынған үй пайдалануға берілген еді.

В Алгинском районе 23 семьи получили жилье Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев в интервью газете «Ана тілі» отметил, что в 2025 году государство продолжит развивать жилищное строительство, а до 2029 года ежегодно будут предоставляться квартиры стоящим в очереди по всей республике.  В Алгинском районе успешно реализуются поручения Президента. В новом 2025 году 23 семьи, стоящие в очереди на жилье, получили собственные дома. Из них 19 семей получили жилье в городе Алга, а остальные — в селе Маржанбулак.  Аким района Асланбек Шуиншалиев торжественно вручил ключи новым владельцам жилья и поздравил их с этим радостным событием.

«Поздравляю всех вас с таким долгожданным радостным днем. Желаю благополучия и процветания в каждом доме. Хочу отметить, что благодаря эффективной реализации государственных программ мы успешно выполняем все поставленные перед нами задачи. В Алгинском районе вопросы социальной поддержки населения и обеспечения доступным жильем никогда не сходили с повестки дня. Особое внимание уделяется многодетным, неполным семьям, людям с инвалидностью и детям, оставшимся без попечения родителей, стоящим в очереди на жилье. Эти вопросы решаются как путем строительства многоквартирных домов, так и капитального ремонта многоэтажных зданий с передачей их в эксплуатацию для нужд населения», — сказал аким района в своей речи.

 Дом №22, расположенный на улице Есет Батыра в городе Алга, был реконструирован за счет средств республиканского и областного бюджетов. Работы завершил ИП «Н. Муратбаев». Что касается четырех домов в селе Маржанбулак, акимат района приобрел их через механизм выкупа жилья.  Отметим, что в районе в очереди на жилье стоит 1641 человек. Последний раз в 2023 году был сдан в эксплуатацию новый 60-квартирный дом.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

Просмотров: 219
Категория: 
�����