Темір ауданында балабақша ашылды 250 орындық балаға арналған білім беру орны жеке кәсіпкердің қаржысына салынып, бүгін пайдалануға беріліп отыр. Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде заманауи үлгідегі жеке «Мейірім» бөбекжай-балабақшасы ашылды. Екіқабатты нысанды халық игілігіне беруге жеке кәсіпкер, «Мейірім-жүрек» ЖШС өкілі Өмірбай Жайлышев қолғабыс етті. Ғимараттың жалпы аумағы 2300 шаршы метрді құрайды. Топ саны - 10. Барлық бөлме заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Балабақшада тұз шахтасы, оттегі коктейлі бар. Сонымен қатар, барлық топта бейнебақылау камералары қондырылған. Кәсіпкер сөзінше, мекеме алдағы уақытта мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жұмыс істеуге ынталы.
В Темирском районе открылся детский сад Дошкольное учреждение на 250 мест было построено на средства частного предпринимателя и сегодня сдано в эксплуатацию. Частный детский сад-ясли современного образца «Мейірім» открылся в селе Шубаркудык Темирского района. Двухэтажное здание для нужд населения построил частный предприниматель, представитель ТОО «Мейірім-жүрек» Умирбай Жайлышев. Общая площадь здания составляет 2300 квадратных метров. Количество групп – 10. Все кабинеты оснащены современным оборудованием. В детском саду имеются соляная шахта и кислородные коктейли. Кроме того, во всех группах установлены камеры видеонаблюдения. По словам предпринимателя, учреждение в будущем намерено работать в рамках государственного образовательного заказа.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi