Облыс әкімі Асхат Шахаров Алғада жаңа баспаналы болған тұрғындардың қуанышымен бөлісті Алға ауданына жұмыс сапары барысында Асхат Шахаров жылдың басында жаңа баспанаға қол жеткізген алғалықтармен кездесті. Алға қаласындағы 19 үш бөлмелі пәтердің кілтін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезегінде тұрған отбасылар алды. Жаңа қоныс иелері тұратын №22 үй Алға қаласындағы Есет батыр көшесінде орналасқан. Ол республикалық және облыстық бюджеттер есебінен қайта жаңартылды. Жұмысты «Н.Мұратбаев» ЖК жүргізді.
«Ел Президентінің тапсырмасы бойынша мұқтаж азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асырудың арқасында біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткіземіз. Алға ауданында әлеуметтік қолдау және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері басым міндеттер қатарында қалып отыр. Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың әлеуметтік санаттарына ерекше көңіл бөлінеді», - деді әкім.
Жаңа баспана иелері Асхат Шахаров пен кездесу барысында берілген тұрғын үйлер жайлы әрі жылы екендерін айтып, алғыстарын білдірді.
«Мен сегіз бала тәрбиелеп отырмын. Мемлекеттік қызметшімін. Осы уақытқа дейін отбасыммен бірге берілген қызметтік тұрғын үйде тұрып келдік. Енді міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, үш бөлмелі жарық және кең пәтеріміз бар. Біз қазір жайлы жағдайда өмір сүруге мүмкіндігіміз бар екеніне өте қуаныштымыз»,- дейді «Алтын алқа» алқа иегері Гүлшат Нұрымбетова. Облыс әкімі Алға тұрғындарына ел Президенті қойған азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған барлық тапсырмалары мемлекеттік бағдарламалар аясында шешілетінін тағы да еске салды.
Аким области Асхат Шахаров разделил радость с жителями Алги, получившими новое жилье В ходе рабочей поездки в Алгинский район Асхат Шахаров встретился с новоселами, которые получили новое жилье в начале этого года. Ключи от 19 трехкомнатных квартир в Алге получили семьи, стоявшие в очереди на жилье из государственного жилфонда. Дом №22, где живут новоселы, расположен на улице Есет Батыра в городе Алга. Он был реконструирован за счет средств республиканского и областного бюджетов. Работы провел ИП «Н. Муратбаев».
«По поручению Президента страны первоочередное внимание уделяется обеспечению нуждающихся граждан доступным жильем. Благодаря эффективной реализации государственных программ мы достигаем поставленных целей. В Алгинском районе вопросы социальной поддержки и обеспечения жильем остаются в числе приоритетных задач. Особое внимание уделяется социальным категориям граждан, которые стоят в очереди на получение жилья»,- отметил аким. Новые владельцы жилья на встрече с Асхатом Шахаровым выразили благодарность, отметив, что предоставленные дома просторные и теплые.
«Я воспитываю восьмерых детей. Являюсь госслужащей. Все это время с семьей жила в предоставленном служебном жилье. А теперь у нас трехкомнатная светлая и просторная квартира. Мы очень рады, что теперь у нас есть возможность жить в комфортных условиях»,- говорит обладательница подвески «Алтын алка» Гульшат Нурымбетова. Аким области еще раз напомнил жителям Алги, что все поставленные Президентом страны задачи, направленные на улучшение качества жизни граждан, будут решаться в рамках государственных программ.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi