Жителям сёл Мәртөк и Кенсахара вручили ключи от коммунальных жилых домов  

Мәртөк және Кеңсахара ауылдарының тұрғындарына коммуналдық тұрғын үйлердің кілттері табысталды  Мәртөк ауданында Мәртөк ауылында орналасқан 39 екі пәтерлі жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Аталған жоба 2020 жылы «ҚазПромСтройГрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен басталған болатын.  Аудан әкімі Медет Ысқақов қатысқан салтанатты іс-шарада тұрғын үй кезегінде тұрған төрт санаттағы азаматтарға 86 тұрғын үйдің кілті табысталды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға – 25 пәтер, жетім балаларға – 15 пәтер, әлеуметтік осал топтарға – 32 пәтер, ал мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет ұйымдарының қызметкерлеріне – 14 пәтер берілді.  Сонымен қатар, Кеңсахара ауылында 2024 жылы басталған 4 екі пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы да биыл толығымен аяқталды. Бұл үйлердің құрылысы кезінде барлық қажетті жұмыстар орындалды: терезелер мен есіктер орнатылып, электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау жүйелері жүргізілді. Үй ішіндегі коммуникациялар мен жылыту жүйелері толық іске қосылды.

Жителям сёл Мәртөк и Кенсахара вручили ключи от коммунальных жилых домов  В Мартукском районе завершены строительные и монтажные работы 39 двухквартирных арендных коммунальных жилых домов в селе Мартук. Строительство данного проекта было начато в 2020 году товариществом с ограниченной ответственностью «КазПромСтройГрупп».  На торжественном мероприятии по вручению ключей принял участие аким района Медет Искаков. По четырём категориям граждан, стоящих в очереди на жильё, было вручено 86 ключей от жилых домов. В частности, многодетным семьям выделено 25 квартир, детям-сиротам – 15 квартир, социально уязвимым слоям населения – 32 квартиры, а государственным служащим и работникам бюджетных организаций – 14 квартир.  Кроме того, в селе Кенсахара строительство 4 двухквартирных коммунальных жилых домов, начатое в 2024 году, было полностью завершено в этом году. При строительстве этих домов были выполнены все необходимые работы: установлены окна и двери, проведены системы электроснабжения и газоснабжения. Внутридомовые коммуникации и системы отопления полностью введены в эксплуатацию.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 178
Категория: 
�����