Сельский школьник из Актобе создал уменьшенную модель АЭС

Ақтөбелік оқушы АЭС-тың шағын макетін құрастырды  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі дарынды оқушылар мен ұстаздардың өнертабыстарын, жетістіктерін, сондай-ақ мектеп өміріндегі қызықты оқиғалар жөнінде «100 жаңа есім – 100 новых лиц» айдарын ашты.  Алғашқы кейіпкеріміз – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Әлімбетов ауылының 4-сыныбының талантты оқушысы Нұрталап Бақытжанов. Жас өнертапқыш энергия өндіруге арналған бірегей жоба әзірледі. Оның жұмысы атом электр станцияларының (АЭС) электр энергиясын өндірудегі тиімділігін зерттеуге бағытталған.  Нұрталап құрастырған макет суды қайнатып, 2-2,5 атмосфералық қысымда бу энергиясын алады. Бұл энергия турбина арқылы механикалық энергияға, одан әрі электр энергиясына айналады. Макет реактор, бу турбинасы, генератор, энергия тарату құбырлары, градирня, суыту бассейні секілді нақты құрамдас бөліктерден тұрады.

«Мен АЭС құрылысын зерттеп, электр энергиясын тиімді өндірудің жолдарын іздеуді мақсат еттім. Әлемдегі АЭС-тің жұмыс принциптері мен құрылымына талдау жасап, шағын макет жасау үшін физика мен космос саласындағы деректерді зерттедім», – дейді Нұрталап.

 Нұрталап - «Зерде» ғылыми жобалар байқауының тұрақты қатысушысы. Ол екі жыл қатарынан осы байқаудың облыстық кезеңінде І дәрежелі диплом иеленген. Сондай-ақ ол республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталған, республикалық «Бастау» математика олимпиадасында үшінші орын және аудандық «Алтын сақа» математика байқауында бірінші орын алған.  Жас өнертапқыш инженер болуды және әртүрлі энергия көздерінде жұмыс істейтін құрылғы жасауды армандайды.

Сельский школьник из Актобе создал уменьшенную модель АЭС  Пресс-служба Министерства просвещения РК запускает новую рубрику «100 жаңа есім – 100 новых лиц», где будут представлены истории школьных будней, изобретений и достижений талантливых учеников и учителей. Одним из таких юных талантов стал четвероклассник из села Алимбетовка Каргалинского района Актюбинской области — Нурталап Бакытжанов.  Юный изобретатель создал уникальный проект, посвященный производству электроэнергии. Его исследование направлено на изучение эффективности атомной электростанции (АЭС) в генерации электроэнергии.  Разработанная Нурталапом модель способна вырабатывать пар под давлением 2–2,5 атмосферы с помощью нагревания воды. Затем с помощью турбины полученная энергия преобразуется в механическую, а после – в электрическую. Конструкция включает реактор, паровую турбину, генератор, трубопроводы, градирню, охлаждающий бассейн и другие компоненты.

«Мне было интересно изучить устройство атомной электростанции и найти наиболее эффективные способы производства электроэнергии. Я провёл анализ работы АЭС в разных странах мира, изучил материалы по физике и космосу, чтобы создать свою уменьшенную модель», — рассказывает десятилетний Нурталап.

 Нурталап является постоянным участником конкурса научных проектов «Зерде». Второй год подряд он становится обладателем диплома I степени за лучшие результаты в секции «Физика и космос» на региональном этапе этого республиканского конкурса. Также он удостоен диплома I степени на республиканской интеллектуальной олимпиаде «Акбота», занял третье место на республиканской математической олимпиаде «Бастау» и первое место в районном конкурсе по математике «Алтын Сака».  Юный изобретатель мечтает стать инженером и создать устройство, которое будет работать на различных источниках энергии.

 Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 167
Категория: 
�����