В Актюбинской области праздничные мероприятия в марте будут отмечаться масштабно

Ақтөбе облысында наурыз айына арналған мерекелік іс-шаралар кең көлемде аталып өтеді  Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде наурыз айында өтетін мерекелердің тұжырымдамасы талқыланды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова «Алғыс айту» күні, 8 наурыз және Ұлыстың ұлы күні – Наурызды тойлауға арналған жоспарды баяндады.  Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай, өңір бойынша 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Шығармашылық байқаулар, танымдық кездесулер, көрмелер, мерекелік бағдарламалар, құттықтау челлендждері, бейнероликтер, алғыс керуені, фестиваль, ансамбль шерулері мен өзге де көптеген іс шара бар. Мерекенің маңызды бөлігі – «Алғыс елдің бәріне...» мәдени шарасы мен естелік сый және тәтті дәм тарататын «Шын жүректен!» алғыс керуені. Керуен қозғалысы үшін 5 бағыт белгіленді. Ал, «Мың алғыс» акциясы аясында түрлі кәсіп иелеріне алғыс айтылады, естелік сыйлықтар табысталады. Олардың қатарында аула сыпырушы, қоғамдық көлік жүргізушілері, электриктер мен өзге де маман иелері бар. Әлеуметтік желілерде «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» атты челлендж ұйымдастырылады, мектептер мен білім беру мекемелерінде тақырыптық сабақтар мен көркемсөз байқаулары өтеді.

В Актюбинской области праздничные мероприятия в марте будут отмечаться масштабно  Концепцию празднования мартовских праздников рассмотрели на аппаратном совещании под председательством акима области. Руководитель управления культуры, архивов и документации Алтынай Юнисова рассказала о планах по празднованию Дня благодарности, 8 марта и Наурыза.  В День благодарности, который будет отмечаться 1 марта в рамках 30-летия Ассамблеи народа Казахстана, планируется провести по области свыше 200 мероприятий. Будут организованы творческие конкурсы, познавательные встречи, выставки, праздничные программы, челленджи поздравлений, видеоролики, караваны благодарности, фестивали, шествия ансамблей и многое другое. Особое внимание будет уделено культурному событию «Алғыс елдің бәріне...», каравану благодарности «Шын жүректен!» с памятными подарками и угощениями. Установлены 5 маршрутов каравана. Также пройдет акция «Мың алғыс», в рамках которой благодарности и подарки будут вручены рабочим разных профессий, в числе которых дворники, водители автобусов, электрики и другие специалисты. В социальных сетях организуют челлендж «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі», а в школах и учебных заведениях пройдут тематические уроки и конкурсы сочинений.

Источник.@emergovkz 

Просмотров: 126
Категория: 
АктобеИнфо