Для защиты от паводка в Каратале построена 4-километровая дамба

Қараталды су тасқынынан қорғау үшін 4 шақырым бөгет салынды Бұл ауыл екі жыл қатарынан көктемгі су тасқынынан зардап шекті.  2024-2025 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру аясында Ойыл ауданы Ш. Берсиев атындағы ауылдық округіне қарасты Қаратал ауылында өзен суының тасуынан қорғану үшін бөгет салынды.  Жобаның бас мердігері – «Ararat Group» ЖШС. Құны - 866 млн теңге.

«Қараталдағы былтырғы жылғы салынған бөгет құрылысы 2024 жылдың желтоқсан айында толық аяқталды. Ұзындығы 4 шақырымды құрайды. Енді су бұрынғыдай ауыл ішімен өтпей, арнайы салынған су бұру арналары арқылы айналып өтіп, өзен арналарына құйылуда. Бұл шешім ауыл тұрғындары үшін қауіпсіздікті арттырып, су тасқыны қаупін азайтты»,- дейді ауыл әкімі Әділбек Избасов. Былтыр Ойыл ауданында тасқын судан 328 үй зардап шекті. 172 үй жаңадан салынып, 135 үй екінші нарықтан сатып алынды. 21 үйге қайта жөндеу үшін қаражат бөлінді. Қаратал ауылында 126 жаңа үй салынды.

Для защиты от паводка в Каратале построена 4-километровая дамба Это село страдало от весеннего половодья два года подряд.  В рамках реализации дорожной карты мероприятий по защите от весеннего паводка на 2024-2025 годы в селе Каратал Ш. Берсиева сельского округа Уилского района была построена дамба для защиты от затоплений.  Главный подрядчик проекта - ТОО «Ararat Group». Стоимость работ - 866 млн тенге.

«Строительство дамбы в Каратале, начавшееся в прошлом году, было завершено в декабре 2024 года. Ее длина составляет 4 километра. Вода теперь больше не протекает через село, а идет в обход по специально проложенным дренажным каналам, далее впадая в русла рек. Это решение повысило безопасность жителей и снизило риск наводнений»,- сказал аким сельского округа Адильбек Избасов. В прошлом году в Уилском районе от наводнения пострадали 328 домов. Было построено 172 новых дома, еще 135 приобрели на вторичном рынке. Для 21 дома выделены средства на капитальный ремонт. В Каратале построено 126 новых домов.

Источник.@emergovkz

Просмотров: 183
Категория: 
АктобеИнфо