Национальный проект «Комфортная школа»: в этом году в регионе будут сданы 12 новых школ

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: биыл өңірде жаңа 12 мектеп пайдалануға беріледі  Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев пен Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев Алтын Орда тұрғын алабындағы 2000 орындық, Жаңақоныс-2 тұрғын алабындағы 600 орындық және Мәртөк ауданы Сарыжар ауылындағы 300 орындық мектептің құрылыс барысын бағамдады. Нысандарда құрылыс қарқынды. Құрылысшылары ғимараттың іштерін әрлеп, инженерлік желілерді төсеген. Мердігерлерге ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарын толық аяқтау, инженерлік желілерге қосылу, іргелес аумақты абаттандыру және т.б жұмыстар тапсырылды.  Мектептердің құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасы және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында қолға алынды. Биыл, жыл соңына дейін жоспар бойынша жалпы саны 12 «жайлы мектеп» халық игілігіне берілуі тиіс. Тағы екі білім ордасында жақын күндері сабақ басталады. Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы апатты мектептерді, үш ауысымдық оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.

Национальный проект «Комфортная школа»: в этом году в регионе будут сданы 12 новых школ  Заместитель акима Актюбинской области Асылбек Есенбаев и руководитель управления строительства, архитектуры и градостроительства Ержан Муздыбаев оценили ход строительства школ в микрорайоне Алтын Орда на 2000 мест, жилом массиве Жанаконыс-2 на 600 мест и в селе Сарыжар Мартукского района на 300 мест. Строительные работы ведутся активно. Рабочие занимаются отделкой внутренних помещений и прокладкой инженерных коммуникаций. Перед подрядчиком стоит задача завершить внутренние и наружные отделочные работы, подключить инженерные сети, благоустроить прилегающие территории и ряд других работ.  Строительство школ начато в рамках выполнения поручения Главы государства и реализации национального проекта «Комфортная школа». Согласно плану, до конца года должно быть сдано 12 «комфортных школ», которые будут служить на благо народа. Еще в двух учебных заведениях, строительство которых было завершено только в прошлом году, в ближайшие дни начнется учебный процесс. Пилотный национальный проект «Комфортная школа» направлен на ликвидацию аварийных школ, трехсменного обучения и дефицита мест в образовательных учреждениях.

Источник.@emergovkz

Просмотров: 187
Категория: 
АктобеИнфо