Облыста туристік нысандардың жол картасы әзірленуде Жол картасы туризм инфрақұрылымын жақсарту және жаңғырту жұмыстарын жүйелеужәне осы салаға инвестиция тартуға көмектеседі. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде туризм саласын цифрландыру және өңірдегі туризм инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды.
Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың айтуынша, жол картасына облыстың әр түрлі аудандарындағы туристік нысандарды дамытуға бағытталған жобалар енгізілген. Мәселен, Қарғалы ауданында «QARGALY ECO RESORT», «Қасқыр сарқырамасы» жобалары, Мәртөк ауданында «Зәру» санаториялық-пантотерапиялық емханасы әзірленуде. Бекқұл баба ауылында «Көкжайлау» демалыс орталығы мен BarBQ жағажайын дамыту жоспарлануда. Бұл бағыттардың әрқайсысында кәсіпкерлік субъектінің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген жеке жол картасы болады.
Алмас Салықбаев атап өткендей, өңірде туристік тәжірибені жақсарту үшін технологиялық шешімдер енгізілуде. 2021 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығы өңірдегі туристік орындар мен көрікті жерлер туралы белсенді түрде хабардар етеді. Орталықтың сайтында табиғи, тарихи, мәдени және қаладағы көрікті жерлерді қосқанда 29 нысан цифрландырылған. Платформа әрбір нысан туралы толық ақпаратты, сондай-ақ осы көрікті жерлерге бағыттарды жоспарлау мүмкіндігін береді. Сонымен қатар сенсорлық панельдер қонақ үйлер мен әуежайларда, сауда орталықтары сияқты қоғамдық орындарда орнатылып, қала қонақтарының туристік ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдетеді. Бұл жүйе Туризм және спорт министрлігі ұсынған «Burabay Travel» бірыңғай цифрлық платформасымен біріктірілген. Бұл ақпаратқа неғұрлым қолжетімділікті қамтамасыз етеді және аймақтағы туристік бағыттарды танытуға көмектеседі.
В Актюбинской области разрабатывается дорожная карта для привлекательных туристических объектов Дорожная карта поможет систематизировать работу по улучшению и модернизации туристической инфраструктуры и привлечению инвестиций в данный сектор. Вопрос цифровизации туристической отрасли и развития инфраструктуры туризма в регионе рассмотрели в ходе аппаратного совещания под председательством акима области.
По словам руководителя управления предпринимательства Алмаса Салыкбаева, дорожная карта включает в себя проекты, ориентированные на развитие туристических объектов в различных районах области.К примеру, в Каргалинском районе разрабатываются проекты «QARGALY ECO RESORT» и «Волчий водопад», в Мартукском районе – санаторий- пантолечебница «Зару». В селе Бекқул Баба планируется развитие базы отдыха «Көк жайлау» и пляжа «BarBQ». Каждое из этих направлений будет иметь индивидуальную дорожную карту, разработанную с учетом потребностей и особенностей каждого предпринимательского субъекта.
Помимо этого, как отметил Алмас Салыкбаев, в области внедряются технологические решения для улучшения туристического опыта. Действующий с 2021 года туристический информационный центр «Visit Aktobe» активно осведомляет о туристических местах и достопримечательностях региона. Сайт центра уже оцифровал около 29 объектов, включая природные, историко-культурные и городские достопримечательности. На платформе предоставляется полная информация о каждом объекте, а также возможность планирования маршрутов до этих достопримечательностей. Кроме того, установлены сенсорные панели в гостиницах и общественных местах, таких как аэропорт и торговые центры, что облегчает доступ гостей города к туристической информации. Важно, что эта система интегрируется с единой цифровой платформой «Burabay Travel», которая была предложена Министерством туризма и спорта. Это обеспечивает более удобный доступ к информации и способствует более эффективному продвижению региона как туристического направления.
Источник.@emergovkz