Жалпы, цифрландыру тұрғысынан да, инфрақұрылымды құру тұрғысынан да туристік тәжірибені жақсарту және облыстың туризм индустриясына жаңа инвестициялар тарту бойынша кешенді шешімдер әзірленуде. Баяндамашыны тыңдаған аймақ басшысы өңірде туризмді табысты дамыту үшін тартымдылық аймағын құру және іс-шараларды ұйымдастыруды ғана емес, инфрақұрылымды, экологиялық стандарттарды жақсартуды және өңірді ілгерілетуді қамтитын кешенді стратегияны құру қажеттігін алға тартты.
«Біздің міндетіміз – облысымызды туристерге тартымды ету. Осыған байланысты негізгі туристік орындарға апаратын жолдарды салу және жаңғырту жұмыстары жалғасады. Ыңғайлы және қауіпсіз маршруттар, демалыс орындары мен автомагистральдар бойындағы автотұрақтар – туристерімізге жайлы саяхат жасау үшін қамтамасыз етуіміз керек. Автомобиль жолы бойындағы қызмет көрсету саласын да дамыту керек. Сондықтан жаңадан кафелер, кемпингтер, қонақүйлер ашып, көлік пен велосипедті жалға беруді ұйымдастыруымыз керек. Бұл қызмет туристерге саяхатының әр кезеңінде өздерін жайлы және сенімді сезінуге көмектеседі. Бард фестивалі мен түркі мәдениетінің фестивалі сияқты мәдени-туристік шараларды белсенді дамыту қажет. Бұл іс-шаралардың ауқымын арттырып, қатысушылар мен көрермендерді көбірек тарту керек, бұл туристік ағынның өсуіне ықпал ететіні сөзсіз. Табиғат сұлулығын, мәдениетті, қонақжайлылықты бағалайтын әрбір адам үшін облысымыздың әр бұрышы қолжетімді болуға тиіс»— деді облыс әкімі. Асхат Шахаров жауапты басшыларға облыстың еліміздің ең тартымды туристік бағыттарының біріне айналуы үшін жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда белсенді жұмыс жасауды тапсырды.
В целом, как в плане цифровизации, так и в части создания инфраструктуры, разрабатываются комплексные решения для улучшения туристического опыта и привлечения новых инвестиций в туристическую отрасль региона.Заслушав выступающего, глава региона отметил, что для успешного развития туризма в области необходимо создать зону притяжения и выстроить комплексную стратегию, которая будет включать не только организацию мероприятий, но и улучшение инфраструктуры, экологических стандартов и продвижение региона.
«Наша задача сделать Актюбинскую область привлекательной для туристов. В этой связи будет продолжена работа по строительству и модернизации дорог, ведущих к ключевым туристическим объектам. Удобные и безопасные трассы, зоны отдыха и парковки вдоль автотрасс - это то, что мы должны предоставить нашим туристам для комфортных путешествий. Следует также развивать сферу обслуживания вдоль автотрасс. Поэтому нужно открывать новые кафе, кемпинги, отели, наладить прокат автомобилей и велосипедов. Такой сервис поможет туристам чувствовать себя комфортно и уверенно на каждом этапе их путешествия. Нужно активно развивать культурные и туристические мероприятия, подобные бардовым фестивалям, фестивалю тюркской культуры. Следует увеличить масштабы этих мероприятий, привлекая больше участников и зрителей, что, безусловно, поспособствует росту туристического потока. Пусть каждый уголок нашей области будет доступен для всех, кто ценит красоту природы, культуру и тепло гостеприимства»- подчеркнул аким. Асхат Шахаров поручил ответственным органам активно работать над реализацией поставленных задач, чтобы Актюбинская область стала одним из самых привлекательных туристических направлений в стране.
Источник.@emergovkz