Ақылды технология ауылға енді: Шалқарда студент автоматтандырылған қожалық жүйесін іске қосты Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің мұнай-газ ісі кафедрасының 3-курс студенті Ерасыл Жолгелдиев Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылындағы өз отбасылық шаруашылығында заманауи автоматтандырылған қожалық жүйесін тәжірибе ретінде іске қосты. Бұл бастама ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды қолданудың нақты үлгісі болып отыр. Жоба аясында жүзеге асқан негізгі мүмкіндіктер: • Қораның есігін видеокамера және қозғалыс сенсоры арқылы автоматты түрде ашу/жабу; • Малға арналған автоматты суару жүйесі; • Қора ішіндегі температура мен ылғалдылықты бақылайтын датчиктер; • Барлық жүйені қашықтан басқаруға және бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша.
«Мақсатым — ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру. Біз ауылда да заманауи технологияларды енгізу арқылы еңбекті жеңілдетіп, өнімділікті арттыра аламыз»,— дейді жобаның авторы Ерасыл Жолгелдиев. Жоба әзірге пилоттық режимде жұмыс істеуде және Бозой ауылындағы нақты отбасылық шаруашылықта күнделікті қолданысқа енгізілген. Алдағы уақытта бұл бастаманы кеңейтіп, өзге де қожалықтарға бейімдеу жоспарда бар.
Умные технологии пришли в село: в Шалкаре студент запустил автоматизированную систему фермерского хозяйства Студент 3-го курса кафедры нефти и газа Актюбинского регионального университета имени К. Жубанова Ерасыл Жолгелдиев в своем семейном хозяйстве в селе Бозой Шалкарского района Актюбинской области запустил пилотный проект - современную автоматизированную систему фермерского хозяйства. Эта инициатива является реальным примером применения цифровых технологий в сельском хозяйстве. Основные возможности, реализованные в рамках проекта: • Автоматическое открытие/закрытие дверей сарая с помощью видеокамеры и датчика движения; • Автоматическая система полива для скота; • Датчики, контролирующие температуру и влажность внутри сарая; • Мобильное приложение для удаленного управления и мониторинга всех систем.
«Моя цель - поднять сельское хозяйство на новый уровень. Мы можем внедрить современные технологии в сельской местности, что облегчит труд и повысит производительность», - говорит автор проекта Ерасыл Жолгелдиев. На данный момент проект работает в пилотном режиме и уже используется в реальном семейном хозяйстве в селе Бозой. В будущем планируется расширить этот проект и адаптировать его для других фермерских хозяйств.
Источник.@emergovkz