Асхат Шахаров Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «80 алғыс сөз» атты челленджді қолдады Өңір басшысы Facebook әлеуметтік желісінде жазба жариялады.
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «80 алғыс сөз» атты челлендж жарияланғанынан хабардармын. Шындығында, ерлікті есте сақтап, Жеңіс жолында майданда қан, тылда тер төккен барша майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне алғыс айтып, құрмет көрсету біздің қасиетті парызымыз. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан қорғауға атсалысты. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында өшпес із қалдырды. Біздің аталарымыз бен аналарымыздың батырлығы мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жастарына зор үлгі. Ендеше өңіріміздің әр тұрғынын қазыналы қарттарымызды ардақтап, қал-қадіріміз жеткенше қайырымдылық жасап, оларға қолдау көрсетуге шақырамын. Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымызға амандық тілеймін! Еліміздің дархан даласы кең, аспаны әрдайым ашық болсын!
Асхат Шахаров поддержал челлендж «80 слов благодарности», приуроченный к 80-летию Великой Победы. Глава региона опубликовал об этом пост в социальной сети Facebook.
«В преддверии 80-летия Победы стартовал челлендж «80 слов благодарности», и я с искренним уважением поддерживаю эту инициативу. На самом деле, помнить о подвиге, выражать благодарность и оказывать почет всем фронтовикам и труженикам тыла, пролившим кровь на фронте и трудившимся ради Победы в тылу - наша священная обязанность. Во время Второй мировой войны каждый пятый казахстанец отправился на фронт, чтобы защищать Родину. Ужасы войны оставили неизгладимый след в истории каждой семьи. Героизм и самоотверженность наших дедов и бабушек, их безграничная любовь к Родине - это яркий пример для молодежи Казахстана. Поэтому я призываю каждого жителя нашего региона уважать наших дорогих стариков, проявлять к ним заботу и по мере возможности оказывать им поддержку. Желаю здоровья нашим дедам и бабушкам, прошедшим через ужасы той страшной войны! Пусть наша земля будет щедрой, а небо над головой - всегда мирным!», - написал аким области.
Источник.@emergovkz