Ырғызда жаңа аудандық кітапхана ашылды Ырғыз ауданына жұмыс сапары аясында өңір басшысы жаңа аудандық орталықтандырылған кітапхананың жұмысымен танысты. Жалпы ауданы 815,5 шаршы метрді құрайтын заманауи екі қабатты ғимаратты «SAK групп» ЖШС салды. Жобаның жалпы құны – 384,6 миллион теңге. Мекеме директоры Айгүл Нұрмаханова әкімге кітапхана ұжымын таныстырып, техникалық жабдықталуы мен оқырмандармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі таңда мұнда 11 кітапханашы мен 12 кіші қызметкер жұмыс істейді. Ауданда барлығы 4 кітапхана бар, онда 30 кітапханашы қызмет етеді. Жаңа нысан 24 кабинеттен тұрады, 10 компьютер және көпфункциялы техникамен жабдықталған. Алдағы жоспарлардың бірі – кітапхана аумағын абаттандырып, ағаш отырғызу.
«Заманауи нысандар, соның ішінде осы кітапхана – жаңа мәдени әрі зияткерлік ортаны қалыптастыратыны сөзсіз. Әсіресе жастар үшін маңызды. Мұнда идеялар, түрлі бастамалар, ағартушылық жұмыстар қызу жүруі тиіс. Дәл осындай кеңістіктер өскелең ұрпақтың танымын кеңейту орнына айналады. Жастар мұнда тек кітап оқу үшін ғана емес, білім, қарым-қатынас және даму үшін келеді», – деді облыс әкімі.
Иргизе открылась новая районная библиотека В рамках рабочей поездки в Иргизский район аким области посетил новую районную централизованную библиотеку. Современное двухэтажное здание общей площадью 815,5 квадратных метров было возведено ТОО «SAK групп». Общая стоимость проекта составила 384,6 миллиона тенге. Директор учреждения Айгуль Нурмаханова представила акиму коллектив библиотеки, рассказала о новом техническом оснащении и работе с читателями. На сегодняшний день здесь трудятся 11 библиотекарей и 12 младших сотрудников. Всего в районе действуют 4 библиотеки, где работают 30 библиотекарей. Новое учреждение располагает 24 кабинетами, оснащено 10 компьютерами и многофункциональной техникой. В ближайших планах коллектива благоустроить прилегающую территорию и посадить деревья. – Такие современные объекты, как эта библиотека, формируют новую культурную и интеллектуальную среду, особенно для молодежи. Здесь должны кипеть идеи, инициативы, просветительская работа. Именно такие пространства становятся точками роста для новых поколений. Молодые люди приходят сюда не только за книгами, но и за знаниями, общением, развитием, – подчеркнул аким области.
Источник.@emergovkz