В этот день планируется проведение более 50 культурных мероприятий

Биыл 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келеді. Бұл күні 50-ден астам мәдени іс-шара өткізу жоспарлануда. Негізгі мерекелік іс-шара «Қазақ халқына мың алғыс» стеласының алдындағы алаңда өтеді.   Отан қорғаушылар күні қарсаңында 6 мамыр күні Өнер орталығында «Ер еліне қорған!» мерекелік шара өткізіледі. Сондай-ақ, қала тұрғындары үшін Мәдениет үйлерінің алаңдарында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.   7, 8, 9 мамырда Тахауи Ахтанов атындағы драма театрында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Әлия» мюзиклінің премьерасы сахналанады.   Жеңіс күні 9 мамырда Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіштеріне, оның ішінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне, Даңқ обелискісіне және өңірдің басқа да ескерткіш орындарына гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Сол күні кешке «Қазақ халқына мың алғыс» стеласының алаңында «Жеңіс жалыны – жүректе» концерті өтеді. Сондай-ақ, концерттік бағдарламалар Даңқ обелискінің алаңында, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешенінде, Орталық стадион, «Авиатор» алаңы, Сазды мәдениет үйі алаңы, Есет батыр, Қурайлы, Нокин тұрғын алаптарында концерттік бағдарламалар жоспарланып отыр.    

 В этом году 1 мая - День единства народа Казахстана совпал с 30-летием Ассамблеи народа Казахстана. В этот день планируется проведение более 50 культурных мероприятий. Основное праздничное действо состоится на площади перед стелой «Қазақ халқына мың алғыс».    Накануне Дня защитников Отечества 6 мая в Центре искусств пройдет праздничное мероприятие «Ер еліне қорған!». Также для горожан на площадках Домов культуры организуют концертные программы.   На 7, 8, 9 мая в драматическом театре имени Тахауи Ахтанова намечена премьера мюзикла «Әлия», посвященная 80-летиюВеликой Победы и 100-летию Алии Молдагуловой.   В день Победы 9 мая состоится церемония возложения цветов к памятникам героям Великой Отечественной войны, в том числе к Мемориальному комплексу Героя Советского Союза Алии Молдагуловой, Обелиску Славы и другим памятным местам региона. Вечером того же дня на площади перед стелой «Қазақ халқына мың алғыс» пройдет концерт «Жеңіс жалыны - жүректе». Также концертные программы состоятся на площади у Обелиска Славы, у мемориального комплекса Героя Советского Союза Алии Молдагуловой, на Центральном стадионе, площади «Авиатор», а также на площадках Домов культуры в жилых массивах Сазды, Есет батыр, Курайлы, Нокини ряде других.

Источник.@emergovkz 

Просмотров: 160
Категория: 
АктобеИнфо