Облыс әкімі Ақтөбенің кешенді дамуы мәселелері бойынша кеңес өткізді Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен қала әкімдігінде өткен жиында қаралды. Күн тәртібінде қаланың өзекті мәселелері, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқыланды. Әсіресе облыс орталығын абаттандыру арқылы қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастыру жобаларына баса назар аударылды. Сондай-ақ, қала маңындағы жаңа елді мекендерді инфрақұрылым желілерімен қамту жұмыстары, оның ішінде жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үй құрылысы және басқа да шаһар тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар талқыланды. Қала аумағында 54 тұрғын алап бар. Қазіргі таңда олардың 46-сы электр және газ желілермен, 37-сі су жүйесімен қамтылған. Халықты қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз ету мақсатында, 24 жобаға 13,9 млрд теңге бөлініп отыр. Қала әкімі Азамат Бекет соңғы жылдары бой көтерген тұрғын алаптар мен шағын аудандарға инженерлік желілер тарту мәселесі өзекті болып отырғанын мәлім етті. Себебі, жаңа елді мекендерге тұрғындар қоныстана бастады. Атап айтсақ, биыл Жаңақоныс-4, Оңтүстік-Батыс, Рауан-2, Сарбаз, Жаңа ауыл-1 елді мекендеріне электр желісін тарту жобалары аяқталатын болады. Ал Сазда-3, Батыс-3 тұрғын алаптарында басталатын жұмыс ауыспалы жоба болуына байланысты, келесі жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, осы жылы Парасат, Шилісай-1,2, Думан, Қарғалы тұрғын алаптарына су желілері және Батыс-3 шағын ауданына кәріз желілері тартылатын болады. Одан бөлек, Бауырластар - 3,5, Жаңақоныс-3,4 Жаңаауыл-1,2,3, Ақшат-2 жобалары бойынша жер асты су көздерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ал Ақжар плюс, Рауан-2, Жаңақоныс-4, Жаңа ауыл-1, Оңтүстік-Батыс, Баянауыл-1 және 41 разъезд алаптарында газ желісінің құрылысы аяқталады.
Аким области провел совещание по вопросам комплексного развития Актобе Вопрос социально-экономического развития Актобе обсуждался на совещании в городском акимате под председательством акима области Асхата Шахарова. На повестке дня стояли актуальные проблемы города и пути их решения. Особое внимание было уделено проектам по благоустройству областного центра и созданию комфортной среды для горожан. Также обсуждались вопросы обеспечения инженерными сетями новых жилых массивов в пригороде, включая ремонт дорог, освещение улиц, строительство жилья и другие проекты, направленные на повышение качества жизни населения. На территории города расположено 54 жилых массива. В настоящее время 46 из них обеспечены электричеством и газом, 37 – водой. Для полного обеспечения населения необходимой инженерно-коммуникационной инфраструктурой выделено 13,9 млрд тенге на 24 проекта. Аким города Азамат Бекет отметил актуальность вопроса подведения инженерных сетей к новым жилым массивам и микрорайонам, появившимся в последние годы, поскольку в них уже началось заселение. В частности, в этом году завершатся проекты по проведению электричества в жилые массивы Жанаконыс-4, Юго-Запад, Рауан-2, Сарбаз, Жаңа ауыл-1. Работы в жилых массивах Сазда-3 и Батыс-3, начатые в этом году, будут переходящими и завершатся в следующем. Кроме того, в текущем году будут проложены водопроводные сети в жилых массивах Парасат, Шилісай-1, 2, Думан, Каргалы, а также канализационные сети в микрорайоне Батыс-3. Также ведутся работы по поиску подземных источников воды для проектов Бауырластар-3, 5, Жанаконыс-3, 4, Жаңаауыл-1, 2, 3, Акшат-2. Завершится строительство газопровода в районах Акжар плюс, Рауан-2, Жанаконыс-4, Жаңа ауыл-1, Юго-Запад, Баянауыл-1 и 41 разъезд.
Источник.@emergovkz