Ырғыз ауданының тұрғыны заңсыз 60-тан аса сазан балықты аулаған.
17 сәуір күні Торғай өзенінен заңсыз 60-тан аса сазан балықты аулаған Ырғыз ауданының тұрғыны ұсталды.
Полиция қызметкерлері 10 дана балық аулайтын тор, 60-тан аса сазан балықты тәркіледі.
Қазіргі таңда заң бұзушыға қатысты ҚР ҚК 335-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Акция кезінде заңсыз балық аулау мен балық ресурстарын қорғауды бұзудың 13 дерегі анықталды.