Құрал-сайман ұрлаған күдікті ұсталды.
Ағымдағы жылғы 12-14 наурыз аралығында "Батыс-2" шағын ауданында салынып жатқан объектіден 12 дана ақ түсті жылыту батареялары (144 секция), 2 кондиционер, 2 перфоратор, құралдары бар жәшік, 50 метр ұзартқыш пен құралдар ұрланған. Шығын 2 млн. теңгеден асты.
Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 27 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Ұрланған құралдар тәркіленді.
ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Задержан похититель инструментов.