Ағымдағы жылдың 7 наурызында №2 қалалық полиция бөліміне 33 жастағы әйел алаяқтық дерегі бойынша арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, танысы арзан бағамен пәтер сатып алуға жәрдемдесу сылтауымен 1.130.000 теңге сомасындағы ақшасын жымқырған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 38 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция департаменті азаматтарды жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасау кезінде мұқият болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.