Полиция қызметкерлері жоғалған жылқыларды тапты.
2021 жылдың қараша айының соңында Ақтөбенің 68 жастағы тұрғынына тиесілі 9 бас жылқы Темір ауданында еркін жайылымнан жоғалып кеткен. Жылқы иесі өз бетінше іздеуге тырысты, бірақ бұл ізденіс нәтиже бермеді. Ағымдағы жылдың басында ер адам аудандық полиция бөліміне жүгінді. Жедел-іздестіру тобы жақын маңдағы орман белдеулерін тексерді.
1 наурыз күні Темір ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Байғанин ауданының "Северная трува" жанынан шаруашылықтан 60 шақырым жерден жылқыларды тауып, иесіне қайтарды.