Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылғы 21-27 ақпан аралығында адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған "ЅТОР трафик" Республикалық жедел –алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді, сондай-ақ шаруа, фермер қожалықтары мен құрылыс нысандарын тексеруде. Себебі, заңсыз адамдарды еңбекке қанау, ұрлау, қылмыстарды ашу мақсатында тексереді.