Жүк көлігі атты жолаушыны қағып кетті.
Ағымдағы жылдың 17 ақпанында сағат 18:30 шамасында Түркістан облысының тұрғыны, "DAF" жүк автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі Ырғыз ауылы жағынан Қарабұтақ ауылы бағытында, "Самара-Шымкент" автожолының 1027 шақырымында (Қарабұтақ ауылынан 62 шақырым) атты жолаушыны қағып кеткен.
28 жастағы ер адам автожолдың жанында мал баққаны анықталды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан малшы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі "ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Грузовик сбил всадника.