Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында ағымдағы жылғы 2-15 ақпан аралығында Ақтөбе облысының аумағында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 6 күні ішінде заңсыз айналымнан 15 бірлік атыс қаруы (соның ішінде ойық-1, тегіс ұңғылы-12, газды-1, электрлі-1), сондай-ақ, 47 дана суық қару (пышақ) тәркіленді.
Тексеру барысында барлығы 143 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 13, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін – 83 және қаруды қайта тіркеуді бұзғаны үшін – 47.