Ақтөбе облысында шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталғаннан бері 5400 ден астам өтініш берілді
Қазіргі уақытта 1492 өтініш алдын ала мақұлданды, 1251 адам өз көліктерін сәтті заңдастырды. Оларға қазақстандық техникалық паспорттар мен мемлекеттік нөмірлік белгілер берілді.
Естеріңізге сала кетейік, көлік өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген жағдайда, иелері қазақстандық нөмірді ала алады. Бұл ретте ол есептен шығарылуы және іздеуде болмау, сондай-ақ қажетті кедендік рәсімдерден өтуге тиіс. Заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады.