Өткен аптада Ақтөбе облысының аумағында 156 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 29 жеке мүлік ұрлығы, 30 алаяқтық фактісі, 6 бұзақылық фактісі және 1 тонау. Бұдан басқа, бұрын жасалған 109 қылмыс ашылды.
Облыс жолдарында 4 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 2 адам қаза тауып, 3 адам түрлі дене жарақаттарын алды.
3300 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 2021-і ҚР ЖҚЕ бұзу, сонымен қатар 22 мас жүргізуші анықталды.
Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.