Зейнеткерді қағып кеткен жүргізуші анықталып, ұсталды
2022 жылғы 14 қарашада сағат 07:30 шамасында белгісіз жүргізуші Ә.Молдағұлова даңғылының "Оңтүстік айналма жол" автожолы жағынан Мәңгілік ел көшесі бағытында жүріп келе жатып, 73 жастағы әйелді соғып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханада қайтыс болды.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және бірқатар сараптамалар тағайындалды.