Интернет кеңістігінде алаяқтық фактілері туралы көптеген ескертулерге қарамастан, ақтөбеліктер алаяқтардың айла-амалдарына түсуді жалғастыруда.
Мысалы, 40 жастағы жергілікті тұрғын жеңіл ақша іздеп 8 млн. теңгеден астам шығынға ұшыраған.
"Myfpx" сайты арқылы өз жинақтарын инвестициялау мақсатында бір ірі кәсіпорынның бас бухгалтері үш ай бойы алаяқтарға үлкен көлемде ақша аударған.
Мұндай мәлімдемелер полицияға күн сайын дерлік келеді. Қазіргі уақытта келіп түскен барлық өтініштер тіркелді, олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.