Ағымдағы жылғы 2 қарашада Ойыл ауданы ның Шернияз бен Қарағұлов көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзғаны үшін "Dawoo Nexia"автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікті 27 жастағы жергілікті тұрғын басқарған. Тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар, жас жігіт мас күйде болған.
Жүргізуші уақытша тергеу изоляторына қамалды.
ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша "Көлік құралын мас күйінде басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.