2022 жылғы 31 қазанда сағат 10.00-де кезекші бөлімге белгісіз адам Ақтөбе тұрғынының үйіне кіріп, оны байлап тастағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жәбірленуші белгісіз біреу үйге кірген кезде ас бөлмесінде болғанын айтты. Белгісіз адам оны пышақпен қорқытып, қолын скотчтап тастаған. Қылмыскер бірнеше минут бойы құнды заттар мен ақша іздеп, ештеңе таппай белгісіз бағытта жасырынып кеткен. 69 жастағы әйел қолын босатып, күйеуіне қоңырау шалған.
Патрульдік полиция қызметкерлері 50 жастағы күдіктіні ұстады, одан пышақ, бірнеше мата қолғабы мен скотч орамы тәркіленді.