Студенттер, сақ болыңыздар!!!
Оқу жылының басталуымен Ақтөбеде пәтер жалдауға байланысты алаяқтық деректері жиілеп кетті.
Алаяқтар пәтерді бірнеше тәулікке жалға алып, оны облыс аудандарынан және басқа қаладан келген студенттерге бірнеше айға қайта жалға береді.
26 жастағы ер адам пәтерді бірнеше тәулікке жалға алып, кейін оны Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындарының 3-курс студентіне 85.000 теңгеге жалға берген.
Күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.