Ақтөбе облысында 70 бірлік атыс қаруы тәркіленді.
Ағымдағы жылдың алты айында Ақтөбе облысында заңсыз айналымнан 70 бірлік атыс қаруы тәркіленді. Оның ішінде 3 ойық, 58 бірлік тегіс ұңғылы, үш газ, 4 пневматикалық және бір-бірден аралас және травматикалық қару да бар.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың әрекеттерінде қылмыстық белгі танылмаса, жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.