Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде екі жас жігіт азық-түлік дүкенінің сатушысын алдап кеткен.
Алаяқтар тауар алғаны үшін смартфондағы интернет-банкинг арқылы төлем жасап, жалған чекті көрсеткен. Сатушы клиенттердің смартфонына қарап, төлем туралы хабарлама кейінірек келеді деп үміттенді. Бірақ ешқандай ақша түскен жоқ. Шығын сомасы 7000 теңгеден асады.
Полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады, ұсталғандардың осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.