Ақтөбе облысы аумағында жарты жыл ішінде 237 ЖКО тіркелді.
Жүргізушілер арасында көлік тәртібін дұрыстау, авариялық жағдайларды азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу полиция қызметкерлері жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты.
Ағымдағы жылдың алты айында маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 20-дан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 9 жүргізуші, жылдамдық режимін бұзғаны үшін 135 жүргізуші, сондай-ақ көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 7 жүргізуші ұсталды.