Полиция қызметкерлері түйе ұрлығын ашты.
Ағымдағы жылдың 25 маусымында Ақтөбе облысының аумағында мал ұрлығы орын алды. Шаруа қожалығының басшысы полицияға арызданды. Оның айтуынша, құны 1 млн.200 мың теңге тұратын түйені еркін жайылымнан ұрлап кеткен.
Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдік бойынша жедел іс-шаралар кешенін жүргізу барысында екі адамды ұстады.
Күдіктілердің айтуынша, олар далада иесіз жайылып жүрген түйені көріп, танысының жазғы жайлауына айдап әкеліп, бөлшектеп сойған.