Ағымдағы жылдың 1 маусымында сағат 02.30 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Есет батыр көшесінде қызмет атқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін "Тайота Прадо" автокөлігін тоқтатты. Жол талғамайтын көлікті 29 жастағы әйел басқарған. Әйел адамның мінез-құлқы полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды, сараптама жүргізілді, ол "коннобиоидтарды" қолданудан туындаған есірткінің мас күйінде екенін көрсетті.
Сондай-ақ, әйелдің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.