Ақтөбе облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Үміт» балалар үйіне барды.
Демалыс күндері Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай өткізіліп жатырған «30 игі іс» акциясы аясында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы «Үміт» балалар үйіне барды.
Қамқорлыққа алынған көмек аясында қызметкерлер "Үміт" балалар үйіне екі орынды арба сыйлап, жылыжай орнатып, жеміс ағаштарын отырғызды. Кейін күректі қолына алып, мекеменің бүкіл аумағын жинастырған.