Ақтөбелік өз қаражатынан айырылып қалды.
31 жастағы әйелге бейтаныс ер адам өзін банк қызметкері деп таныстырып, қоңырау шалған. Әңгіме барысында алаяқтар оның атынан несие рәсімдемекші деп айтып, хабарламамен келген СМС-кодты айтуды сұрайды. Кейін жәбірленушінің картасындағы барлық қаражатты басқа банк шотына аударып алған. Жалпы шығын көлемі екі миллионды құрады.
ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел шаралар қолға алынды.