19 жастағы ақтөбелікті тонап кеткен.
Өтініш берушінің айтуынша, дүкендердің бірінде несиеге жаңа смартфон алған, дүкеннен шыққан уақытта белгісіз біреулер смартфонды көрсе сала, тонап қашып кеткен. Залал сомасы 300 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Күдікті бұл әрекетін мойындады, смартфонды иемденгеннен кейін оны ломбардқа тапсырып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.