Қазіргі уақытта «Лидер инвест групп» ЖШС Қопада қорғаныс бөгеті құрылысына кірісіп кетті. Ұзындығы 3 километр, биіктігі 2 метрді құрайтын гидротехникалық құрылыс осы күзде пайдалануға берілмекші. Жұмысты жеделдету үшін мердігерлік ұйым 20-дан астам машина, 2 жүк тиегіш, экскаватор, 2 автогрейдер, басқа да қажетті техниканы іске қосты. Бұл бөгет 48 үйі бар, онда 200-ден астам адам тұратын Қопа селосын су тасқынынан қорғайды. Аталған бөгет көктемгі су тасқынында ағынды суды ұстап тұрды, бірақ енді күрделі жөндеуді қажет етеді.