«Ақтөбе-Қандыағаш» автожолы: жаңа Алға айналма жолында көлік қозғалысына рұқсат берілді Бүгін «Ақтөбе-Қандыағаш» төрт жолақты жолының сол жақ бөлігі пайдалануға берілді. Ұзындығы 96 шақырымды құрайтын автожолды қайта жаңарту А-27 магистралінің 11-100 км учаскесінде жүргізілді. Автожолдың ресми ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев, мердігер компаниялардың басшылары, жол бойында орналасқан елді мекендердің тұрғындары мен ауыл ақсақалдары қатысты.