Хромтау ауданының ауылында көптен күткен медициналық пункт халық игілігіне берілді   «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Хромтау ауданы Тасөткел ауылында медициналық пункт ашылды. Жаңа нысан тәулігіне 30 адам қабылдауға қауқарлы. Мұнда ауыл тұрғындары профилактикалық скрининг, иммундаудан өтіп, анализдер тапсыруға, сондай-ақ күндізгі стационарда дәрігерге қаралуға болады. Созылмалы аурулары бар науқастарға тегін дәрі-дәрмек беру пункті бар.

Категория: 

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының көктемгі су тасқынының салдарын жою туралы тапсырмасын орындау мақсатында қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі кезде жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланған 6 ауданда салынып жатқан 511 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды.    Сондай-ақ, осы аудандар мен Ақтөбе қаласында барлығы 503 үй сатып алу жоспарланған. Бүгінгі күннің дерегіне сәйкес, көктемгі су тасқыны кезінде баспанасынан айырылған 438 отбасына олардың келісімімен үй алынды. Оның 135-і - облыс орталығынан. Қазіргі кезде тағы 60-қа жуық отбасына баспана алу жұмыстары жүргізілуде.

Категория: 

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті  Байқау отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және отбасы институты мәртебесін көтеруге бағытталған.  Комиссия отырысы облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің төрағалығымен өтті. Басқосуда комиссия мүшелері отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және отбасы институтын арттыруға бағытталған ұлттық байқауға бақ сынауға өтінім берген отбасылардың ішінен үздігін таңдау үшін құжаттармен танысып, олардың бейнероликтерімен танысты.

Категория: 

Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын» жолы төрт жолақты болады   Қайта құру жұмыстары басталып кетті. Бұл жол I техникалық санатқа ие болып, төрт жолақты жолға айналады, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.    Құрылыс жұмыстары Ақтөбе өңірінің Хромтау ауданында жүріп жатыр. Жаңа төрт жолақты жол Хромтау қаласының қасында басталып, Ақжар ауылы мен Жазық бекеті арқылы өтеді. Бұл учаскеде 2 көпір мен 2 жол айрығы салынады. Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары аясында құрылыс жұмыстарының барысын көлік министрі Марат Қарабаев тексерді.  

Категория: 

Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы Айбек Шілманов өз сөзінде елімізде қазір 83 мың мемлекеттік қызметкер бар екенін атап өтті.  Бұл жолы барлық 17 облыс пен Астана мен Шымкент қаласынан келген команда 669 әуесқой азамат өзара сынға түседі. Олар 8 спорт түрінде (үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, гір тасын көтеру, жүзу, қазақ күресі, шағын футбол мен волейбол) кім мықтыны анықтамақ. Жарыста 98 республикалық деңгейдегі төреші жұмыс істейді.

Категория: 

«Биылғы Спартакиадаға 700-ге жуық мемлекеттік қызметші бас қосты. Осы арқылы сіздер бұқаралық спортты кеңінен насихаттап келесіздер. Спартакиада барлық қатысушы үшін сәтті өтеді деген сенімдемін. Төрешілерге жарыстарда табыс тілеймін»,- деді ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Есет Байтасов. 

Категория: 
�����