Баяндамаларды тыңдаған облыс әкімі Асхат Шахаров қойылған міндеттерді орындауда жүйелі және сапалы тәсілдің қажеттігін атап өтті. Ол инвестиция тарту деңгейінің төмендігіне алаңдаушылық білдірді: 510 млрд теңге жоспардың орнына тек 167 млрд теңге игерілген. Асхат Шахаров қала әкімдігі мен индустриялды-инновациялық даму басқармасына инвесторлармен жұмысты жандандыру жоспарын шұғыл ұсынуды тапсырды, халықаралық және ұлттық алаңдарға қатысуды қоса алғанда, нүктелік тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, өңір басшысы қалалық ортаның сапасы мен абаттандыру мәселелеріне тоқталды.
«Аула мен көшелерді абаттандыруға миллиардтаған теңге жұмсалып, соңында қисық плитка, арамшөп және балалар жарақат алатын ойын алаңдарын қабылдауға болмайды. Бұл жай ғана немқұрайлылық емес – бұл өмір мен денсаулыққа қауіп. Мердігер мерзімін бұзса немесе сапасыз жұмыс істесе, ол міндетті түрде жауапқа тартылуы тиіс – тіпті келісімшартты бұзып, жосықсыз мердігерлер тізіміне енгізу керек»,
– деді әкім. Облыс әкімі экологиялық жағдайдың да халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететінін айтты. Оның пікірінше, стихиялық қоқыс орындарының болуы, су айдындарының ластануы және қалдықтарды сұрыптау жүйесінің жоқтығы қабылданған шаралардың келісілмегендігін және байланыссыз жүргізілгенін көрсетеді. Мысал ретінде ол Сазды өзенін атады: қаржы және мердігер ұйым болғанымен, санитарлық тазалау жұмыстары күткен нәтиже бермеген. Бұл тапсырыс беруші тарапынан тиісті бақылаудың болмауының салдары деп есептейді. Әкім мұндай жағдайлар алдағы уақытта облыс деңгейінде жеке және қатаң қаралатынын айтты. Сондай-ақ, ол Ақтөбенің сәулеттік келбетіне ерекше назар аударды. Бұл тек сыртқы көрініс емес, сонымен қатар қаланы дамытудағы басқару тиімділігінің көрсеткіші екенін алға тартты. Қалада ретсіз құрылыстар, ескірген және тот басқан жарнамалық конструкциялар көп, сондай-ақ қасбеттер мен іргелес аумақтарды безендірудің бірыңғай стандарттары жоқ екенін атап өтті.
Облыс әкімі сәулет басқармасына қала әкімдігімен бірлесіп, бір ай ішінде қасбеттер, маңдайшалар және шағын сәулеттік формаларға бірыңғай талаптар әзірлеуді тапсырды. Оның айтуынша, сәулеттік келбет – бұл «қаланың жүзі», ол ұқыпты, заманауи және өңірлік орталық мәртебесіне сай болуы тиіс.
Заслушав докладчиков, глава региона указал на необходимость системного и качественного подхода к исполнению поставленных задач. Аким области выразил обеспокоенность низким уровнем привлечения инвестиций при плане в 510 млрд тенге освоено лишь 167 млрд. Асхат Шахаров поручил акимату города и управлению индустриального развития срочно представить план по активизации работы с инвесторами, подчеркнув необходимость точечного подхода, включая участие в международных и национальных площадках.
Отдельное внимание аким области уделил вопросам качества городской среды и благоустройства
«Мы не можем вкладывать миллиарды тенге в благоустройство дворов и улиц, а в итоге получать кривую плитку, сорняки и детские площадки, на которых дети получают травмы. Это не просто халатность, это угроза жизни и здоровью. Если хоть один подрядчик сорвал сроки или выполнил работы с дефектами, он должен нести ответственность. Вплоть до расторжения контрактов и включения в список недобросовестных поставщиков»,
— отметил аким. Аким области также акцентировал внимание на экологической ситуации, отметив, что она напрямую влияет на качество жизни населения. По его словам, наличие стихийных свалок, загрязнение водоемов и отсутствие системы сортировки отходов свидетельствуют о несогласованности и фрагментарности принимаемых мер. В частности, он привел в пример реку Сазда, где при наличии финансирования и подрядной организации работы по санитарному содержанию не дали ожидаемого результата. Такая ситуация, по его мнению, является следствием отсутствия должного контроля со стороны заказчика. Аким области подчеркнул, что подобные случаи впредь будут рассматриваться на уровне области отдельно и строго. Особое внимание аким области уделил архитектурному облику Актобе, подчеркнув, что это не только вопрос визуального восприятия, но и показатель эффективности управления городским развитием. Он отметил, что в городе наблюдается хаотичная застройка, большое количество устаревших и ржавых рекламных конструкций, а также отсутствие единых стандартов оформления фасадов и прилегающих территорий.
Асхат Шахаров поручил управлению архитектуры области совместно с акиматом города в течение месяца разработать и представить единые требования к фасадам, вывескам и малым архитектурным формам. По его словам, архитектурный облик – это «лицо города», которое должно быть ухоженным, современным и соответствовать статусу регионального центра.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма