По инициативе акима области и при поддержке Министерства туризма и спорта РК в этом году начал работу Олимпийский спортивный клуб «АҚТӨБЕ»

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетовтың айтуынша, мемлекет пен жергілікті биліктің қолдауының арқасында өңірде спорт саласының тұрақты дамуы қамтамасыз етіліп отыр. Әсіресе, халықаралық деңгейдегі басты жарыстарға, соның ішінде Олимпиада ойындарына спортшыларды дайындауға ерекше назар аударылуда.  

«2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысу үшін олимпиадалық резерв жасақталды. Оған бокс, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, жүзу және басқа да спорт түрлерінен болашағы зор спортшылар енді. Бұл спортшылар жүйелі түрде дайындықпен қамтылып отыр. Оларға қажетті жағдайлар жасалуда: қаржыландыру, оқу-жаттығу жиындары және білікті бапкерлердің жетекшілігі қарастырылған», деді Мейрамбек Махамбетов.

Облыс әкімінің бастамасымен және ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен биыл «AQTÓBE» Олимпиадалық спорт клубы өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда бұл клуб құрамына дзюдо, грек-рим және еркін күрес, бокс, таэквондо сынды бес спорт түрінен 40-тан астам спортшы енген. Жаттықтырушылар штабы тәжірибелі мамандар қамтылыпты.   ҚР Туризм және спорт министрлігінің арнайы комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша өңір үшін басым саналатын спорт түрлерінің тізімі анықталды. Ақтөбе облысында олар: футбол, еркін және грек-рим күресі, дзюдо, джиу-джитсу, каратэ, қазақша күрес, аударыспақ, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық спорт түрлері болып танылды. Бұл шешім өңірдегі тарихи қалыптасқан спорттық дәстүрлер мен жастардың жоғары әлеуетін ескере отырып қабылданған.   Мейрамбек Махамбетов биылғы жылдың ең маңызды спорттық жетістіктерін де атап өтті. Ақтөбелік спортшылар халықаралық және республикалық ареналарда жоғары нәтиже көрсетіп, дзюдо, жүзу, волейбол, күрес, парадзюдо, каратэ және ұлттық спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды. Аударыспақ бойынша облыс елдегі үздік өңір деп танылды.

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай Қобда ауылында өткен ұлттық спорт түрлері бойынша турнир ерекше атап өтілді. Жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы мен өткізілуі қатысушылар мен қонақтар тарапынан жоғары бағаланған. Қазақша күресте 80 келіге дейін салмақта ақтөбелік Бекзат Шакизаев, 80 келіден жоғары салмақта жамбылдық Ғалымжан Қырықбаев чемпион атанды. Ал бәйге жарыстары үш санат бойынша ұйымдастырылды: аламан бәйге, топ бәйге, құнан бәйге. Әр санатта 30-ға жуық шабандоз қатысып, көрермендерге қызықты тартыстар сыйлады.

Руководитель управления физической культуры и спорта Мейрамбек Махамбетов отметил, что поддержка со стороны государства и местной власти позволила добиться устойчивого прогресса в развитии спорта в регионе. Особое внимание уделяется подготовке спортсменов к главным международным стартам, включая Олимпийские игры.  

«Для участия в Олимпиаде-2028 в Лос-Анджелесе сформирован олимпийский резерв. В него вошли перспективные спортсмены по таким видам, как бокс, дзюдо, вольная и греко-римская борьба, плавание и другие. Все они охвачены планомерной подготовкой: для них создаются необходимые условия, включая финансирование, тренировочные сборы и квалифицированное тренерское сопровождение»,— сообщил Мейрамбек Махамбетов.

По инициативе акима области и при поддержке Министерства туризма и спорта РК в этом году начал работу Олимпийский спортивный клуб «АҚТӨБЕ». В его состав вошли более 40 спортсменов по пяти видам спорта: дзюдо, греко-римская и вольная борьба, бокс, тхэквондо. Тренерский штаб укомплектован опытными специалистами.   По итогам работы специальной комиссии Министерства туризма и спорта определен перечень приоритетных видов спорта. В Актюбинской области ими признаны: футбол, вольная и греко-римская борьба, дзюдо, джиу-джитсу, каратэ, казахша күрес, аударыспак, тогызкумалак и другие. Это решение базируется на исторически сложившихся спортивных традициях региона и высоком потенциале молодых спортсменов.   Мейрамбек Махамбетов также перечислил наиболее значимые достижения в спорте в этом году, отметив, что актюбинские спортсмены добились высоких результатов на международных и республиканских аренах. Ими завоеваны медали по дзюдо, плаванию, волейболу, борьбе, парадзюдо, каратэ, национальным видам спорта, а по итогам выступлений область признана лучшей в стране по аударыспаку.

Особо был отмечен турнир по национальным видам спорта, прошедший в селе Кобда в рамках 100-летия Алии Молдагуловой. Высокий уровень соревнований и достойная организация получили высокую оценку от участников и гостей. В казахша курес чемпионом в весовой категории до 80 кг стал актюбинец Бекзат Шакизаев, а в весе свыше 80 кг – джамбулец Галымжан Кырыкбаев. Состязания по байге проводились в трех категориях: аламан-байге, топ-байге и кунан-байге. В каждой категории участвовали около 30 наездников, устроив для зрителей захватывающие и напряженные скачки.


Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма

Опубликовано:
Время: 13:32
Рубрика: Новости
Категория: Актобе