Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке екеніне тоқталды.
– Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады. Сондықтан біз осы мейрамға орай жыл сайын көк Туымызды биікке көтереміз. Бабаларымыз «Туыңды тік ұста!» деп өсиет қалдырды. Осы аманатқа адал болу – баршаға ортақ парыз. Бүгінде көк байрағымыз қастерлі Отанымыз – Қазақстанның бейбіт аспанында желбіреп тұр. Оны кейінгі ұрпаққа табыстау – қасиетті борыш, – деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазір көк Туымыздың беделін бүкіл әлем мойындайды. Байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр. Оны альпинистеріміз жер шарындағы ең биік шыңдарға көтерді. Спортшыларымыз талай мәрте жеңіс тұғырына шығарды.
– Биыл жауынгерлеріміз бітімгерлік миссиясын көк байрақтың астында тұңғыш рет дербес орындап келді. Азаматтарымыздың, мемлекетіміздің осындай жетістіктері Қазақстанның қуатты әрі жасампаз ел екенін көрсетеді. Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы. Елтаңбамыз, көк Туымыз бен Әнұранымыз әр азаматтың жүрегінен ерекше орын алады. Бұл – нағыз отаншылдық белгісі. Ұлт нышандары – халқымыздың болмыс-бітімінің айнасы, жарқын болашағымыздың кепілі, – деді Мемлекет басшысы.
Президент принял участие в церемонии поднятия Государственного флага Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественной церемонии поднятия Государственного флага в этномемориальном комплексе «Атамекен» в Астане. Начальник роты почетного караула отдал Президенту рапорт о готовности к церемонии. Затем прозвучал Государственный гимн и был поднят Государственный флаг Республики Казахстан. Касым-Жомарт Токаев поздравил участников мероприятия с Днем государственных символов и отметил, что этот праздник имеет особое значение для нашей страны.
– Государственные символы – это атрибуты нашей Независимости. Герб, Флаг и Гимн олицетворяют нашу государственность и демонстрируют всему миру, что Казахстан – суверенная страна. Поднятый ввысь флаг олицетворяет духовную силу народа. Поэтому ежегодно в честь этого праздника мы высоко поднимаем наш бирюзовый флаг. Мы должны хранить верность завету предков с гордостью нести наше знамя. Небесно-голубой стяг развевается в мирном небе нашей Отчизны – Республики Казахстан. Наш священный долг – передать его будущим поколениям, – заявил Глава государства.
По его словам, сегодня наш флаг признан всем мировым сообществом. Он установлен у здания штаб-квартиры Организации Объединенных Наций. Наши альпинисты водружали знамя Казахстана на самые высокие вершины планеты, а спортсмены не раз поднимались с ним на пьедестал почета.
– В этом году наши военнослужащие впервые самостоятельно выполнили миротворческую миссию под небесно-голубым полотнищем. Наш стяг узнаваем во всем мире. Достижения наших граждан и государства подтверждают то, что Казахстан – сильная и прогрессивная страна. Это проявление истинного патриотизма. Государственные символы пробуждают в каждом из нас неизмеримое чувство гордости за страну. Они отражают идеалы и ценности нашего народа, заветы и чаяния наших предков. В них ярко воплощаются наша общенациональная идентичность и устремленность в будущее, – подчеркнул Президент.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма