Пусть крепнет наше единство, и каждый день будет наполнен радостью

Газ желісін іске қосу салтанатты шарасында Саралжын ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қошқаров Өтесін де, Шиқұдық ауылының тұрғыны Нұртанов Сералы да жағымды жаңалыққа шексіз риза екендерін жеткізді. Олар бұл күнді ауыл тарихындағы маңызды белес деп бағалап, елді газбен қамтуға үлес қосқан барлық азаматтарға алғыс айтты. Бұл игі істің ауылдың тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, жастардың ауылда тұрақтауына да әсер ететінін жасырмады.  

«Тілегіміз орындалып ауылымыз газбен қамтылуда. Ең алдымен, бұл ауылымыздың әлеуетін көтереді, жастардың туған жерін түлету үшін осы елде қалуына мүмкіндік береді. Газ тарту жұмыстарына араласқан жұмысшыларға, қолдау көрсеткен Президентке, облыс басшылығына алғысымыз шексіз. Бақытты болыңыздар, ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын. Ең бастысы — халқымыз аман, деніміз сау болсын. Ынтымағымыз артып, әр күніміз шаттыққа толы болғай»,— деп бата берді ақсақалдар.

Шараға Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев, QazaqGaz Aimaq Ақтөбе филиалының өкілдері қатысты.   Айтып өтейік, бүгінгі күні Ойыл ауданының газбен қамтылуы 47,9%-ті құрап отыр. Биылғы жылдың аяғына дейін үлес 57,2%-ке жетеді.   *** На торжественном мероприятии по запуску газопровода председатель совета аксакалов Саралжинского сельского округа Утесин Кошкаров и житель села Шикудык Сералы Нуртанов поблагодарили за радостное событие. Они назвали этот день важной вехой в истории села и поблагодарили всех, кто внес вклад в газификацию. Отмечалось, что это благое дело не только улучшит качество жизни сельчан, но и поможет удержать молодежь в родном селе.  

«Наша мечта исполнилась, село подключили к газу. Прежде всего, это поднимет его потенциал, даст возможность молодежи остаться здесь, чтобы развивать родной край. Выражаем огромную благодарность рабочим, участвовавшим в прокладке газопровода, Президенту за поддержку, областному руководству. Желаем вам счастья, долгих лет жизни. Главное, чтобы мы жили в здравии и спокойствии. Пусть крепнет наше единство, и каждый день будет наполнен радостью»,— благословили аксакалы.

В мероприятии приняли участие аким Уилского района Аскар Казыбаев, руководитель областного управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Арысулан Айтбаев, представители Актюбинского филиала QazaqGaz Aimaq.   Отметим, что на сегодняшний день уровень газификации Уилского района составляет 47,9%. К концу текущего года этот показатель достигнет 57,2%.


Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма

Опубликовано:
Время: 13:42
Рубрика: Новости
Категория: Актобе