Облыс әкімі өңірде экономикалық жағдайдың тұрақты екендігін көрсететін оң динамикаға тоқтала отырып, барлық бағыттар бойынша қарқынды сақтап, күшейту қажеттігін айтты. Сонымен қатар, баяндамашы бірқатар ауданда негізгі көрсеткіштердің орындалмағанын алға тартты. Асхат Шахаров аудан әкімдеріне жұмысты жедел түрде түзетіп, артта қалушылықты жою бойынша жоспарларды ұсынуды тапсырды.
Сондай-ақ, облыс басшысы салалық басқармаларға Үкімет белгілеген айлық және жылдық жоспарларға қол жеткізу үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Өнеркәсіп, сауда және көлік салаларына жіті назар аударуды тапсырды. Бизнеспен өзара байланысты күшейтіп, инвестиция тартуды белсенді жүргізіп, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің тұрақты орындалуын қамтамасыз ету міндеті қойылды.
«Әрбір басқарма мен ауданның нәтижесі – бұл жай ғана сандар емес, ол – халықтың өмір сүру деңгейі, билікке деген сенім және облыстың әрі қарай дамуының негізі»,– деп атап өтті Асхат Шахаров. Аппарат мәжілісі барысында бірінші жартыжылдықта бюджет қаражатының игерілу мәселесі де қаралды. Қаржы басқармасының басшысы Ерік Тұрсынғалиевтің айтуынша, жоспарланған 323,1 млрд теңгенің 95,9%-ы (309,9 млрд теңге) игерілген. Баяндамашы қалған соманың не себепті игерілмей тұрғанын жіпке тізді.
Облыс әкімі қаржылық тәртіпті бақылауды күшейтуді, бюджет әкімшілеріне артта қалушылық себептерін жедел жоюды және ай сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.
«Бюджеттен бөлінген әрбір теңге өңірді дамыту мен халықтың өмірін жақсартуға жұмыс істеуі тиіс. Қаражатты игере алмау, бұл жіберіп алған мүмкіндіктер және маңызды жобалардың жүзеге асуын тежейтіні сөзсіз. Сондықтан, белгіленген мерзімдер, бекітілген жоспарлар және бөлінген қаржы болған жағдайда ешқандай сылтау болмауы тиіс»,– деп сөзін қорытындылады облыс әкімі.
Аким области подчеркнул, что положительная динамика свидетельствует о стабильной экономической ситуации в регионе, но необходимо поддерживать и усиливать темпы по всем направлениям. В то же время, как отметил докладчик, по ряду районов отмечено невыполнение ключевых показателей. Асхат Шахаров поручил районным акимам оперативно скорректировать работу и представить планы по устранению отставания. Также глава региона указал отраслевым управлениям на необходимость незамедлительно принять меры для достижения как месячных, так и годовых планов, доведенных Правительством. Особое внимание уделить сферам промышленности, торговли и транспорта. Им было поручено усилить взаимодействие с бизнесом, активно привлекать инвестиции и обеспечить устойчивое выполнение всех индикаторов социально-экономического развития.
«Результат каждого управления и района – это не просто цифры. Это уровень жизни населения, доверие к власти и основа для дальнейшего развития области»,— подчеркнул Асхат Шахаров.
В ходе аппаратного совещания также рассмотрели вопрос освоения бюджетных средств за первое полугодие. Руководитель управления финансов Ерик Турсынгалиев доложил, что из запланированных 323,1 млрд тенге освоено 95,9% (309,9 млрд тенге). Докладчик перечислил причины, по которым оставшаяся сумма не была освоена. Аким области указал на необходимость усилить контроль за финансовой дисциплиной, поручил бюджетным администраторам оперативно устранять причины отставания и проводить ежемесячный мониторинг.
«Каждый тенге, выделенный из бюджета, должен работать на развитие региона и улучшение жизни людей. Неосвоение средств – это упущенные возможности и торможение реализации важнейших проектов. Не может быть оправданий при наличии четких сроков, утвержденных планов и выделенного финансирования»,— подчеркнул аким области.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма