Отырыста білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева жергілікті бюджет есебінен бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында баяндама жасады.
Мәліметке сәйкес, облыста бұл конкурс 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы кезеңде жалпы 542 грант бөлініп, 530 студент қабылданды. Қазіргі таңда 140 болашақ маман еліміздің 11 жоғары оқу орнында білім алып жатыр. 257 түлек оқуын аяқтады.
«Түлектердің жұмысқа орналасуы, келісімшарт талаптарының толық орындалуы – әрқашан өзекті мәселе. Әрбір қажеттілік ұсынып, сұраныс берген басқарма грант иегерлерімен байланыста болып, оқу үлгерімдерін, бітіргенін, жұмыспен қамтылуын және жолдама бергеннен соң келісімшарт уақыты біткенге дейін, яғни 5 жыл жұмыс жасап жатқанын білім басқармасымен бірлесіп қадағалауы қажет»,
— деді облыстың бас ұстазы Бұлбұл Күзембаева. Ал жаңа оқу жылына арналған білім беру тапсырысы 40 орынды құрап отыр. Білім басқармасы биылғы жылы оқуға түскен студент оқуын 4 жылдан соң бітіретінін, сол жылдары зейнетке шығатын мұғалімдердің және ЖОО бітіретін түлектердің болжамды санын ескеріп, 2028-2029 оқу жылына қажеттілікті шығарған. Осы кезеңге дейін мемлекеттік білім беру тапсырысы кадр тапшылығы қалыптасқан – орыс тілінде білім беретін бастауыш сынып, орыс тілі, математика, химия және физика пәндерінің мұғалімдерін даярлауға бағытталды. Ал алдағы жылдарда жүргізілген талдауға сәйкес математика, химия, физика, және көркем еңбек және сызу мұғалімдеріне сұраныс бар.
Сонымен қоса, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына – театр өнері, режиссура, сценография, аспаптық орындау; табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына – гидротехнолог және балық шаруашылығы мамандары; индустриялық-инновациялық даму басқармасы, табиғи ресурстар және дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ветеринария басқармасына салалық мамандар қажет-ақ. Айтып өткен жөн, 2024 жылы 5 бірлік ирригатор,5 гидротехник дайындау, 1 балық шаруашылығы мамандығына мемлекеттік тапсырыс бөлінген еді, бірақ бірде-бір үміткер құжат тапсырмапты. Баяндама соңында Бұлбұл Күзембаева комиссия мүшелерінен ұсынылған мәліметтерді қарап, мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы шешім қабылдауды сұрады.
Руководитель управления образования Булбул Кузембаева доложила о проделанной работе по государственному образовательному заказу, финансируемому из местного бюджета.
Согласно данным, конкурс проводится в области регулярно с 2018 года. За этот период выделено всего 542 гранта, на обучение принято 530 студентов. В настоящее время 140 будущих специалистов обучаются в 11 вузах страны. 257 выпускников уже завершили обучение.
«Вопрос трудоустройства выпускников и соблюдения условий договора всегда остается актуальным. Каждое заинтересованное управление, сделавшее заявку и нуждающееся в кадрах, должно поддерживать связь с обладателями грантов, следить за успеваемостью, окончанием обучения и трудоустройством выпускников, а также контролировать, чтобы они отработали по договору не менее 5 лет»,
- подчеркнула руководитель управления образования.
Объем государственного образовательного заказа на новый учебный год составляет 40 мест. Управление образования, учитывая, что студенты, поступившие в этом году, закончат обучение через 4 года, а также прогнозируемое количество учителей, выходящих на пенсию, определило потребности на 2028–2029 учебный год. До этого времени заказ направлен на подготовку учителей начальных классов с обучением на русском языке, учителей русского языка, математики, химии и физики. В будущем, согласно проведенному анализу, востребованы специалисты по математике, химии, физике, а также преподаватели изобразительного искусства и черчения.
Кроме того, управлению культуры, архивов и документации необходимы специалисты по театральному искусству, режиссуре, сценографии и инструментальному исполнительству; управлению природопользования – гидротехнологи и специалисты по рыбному хозяйству; индустриально-инновационному развитию, управлению природных ресурсов, физической культуры и спорта, а также ветеринарии требуются отраслевые специалисты.
Отметим, что в 2024 году был выделен государственный заказ на подготовку 5 ирригаторов, 5 гидротехников и 1 специалиста по рыбному хозяйству, однако ни один кандидат не подал документы.
В завершение доклада Булбул Кузембаева попросила членов комиссии рассмотреть представленные данные и принять решение о утверждении государственного образовательного заказа.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма